Онлайн-несие қызметкері алаяқ болып шықты

Рудный тұрғыны алаяқтың қақпанына түсті. Қаскүнем өзін түрлі шағын несиелендіру ұйымдарынан онлайн қарыз алуға көмек көрсетуші ретінде таныстырған.
Жапа шегуші әйел оған сеніп, өзінің жеке мәліметтерін берген. Алаяқ бір жыл бойы оған шағын несиелер рәсімдеп келген. Әйел барлығы 1 млн 700 мың теңге шығынға ұшырады. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бұрын сотталмаған 21 жастағы жігітті ұстады.
"Ол жеке деректерді пайдаланып, бірнеше несие рәсімдегенін мойындады. ҚР ҚК 190-б. 2-б. 4-т. бойынша іс қозғалды. Ол бес жылға дейін бос бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу барысында алаяқтың тағы бірнеше рудныйлықты алдағаны анықталды, – дейді Рудный қаласы ПБ ҚПБ жедел уәкілі Сайфулла Жарменов.
Бұған дейін Қостанай қаласының тұрғыны пластикалық терезелер жасайтынын айтқан алаяққа сеніп, барлық жинағынан айырылып қалған еді. Ол қаскүнемге алдын ала төлем ретінде келісілген соманы аударып жіберген. Алаяқ "жемтігінің" шот нөмірін біліп алып, 8 миллион теңгесін иемденіп кеткен.
Полиция азаматтардан бейтаныс адамдарға жеке деректерін бермеуді ескертеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓