Із-түссіз жоғалған елордалық жігіт Қостанайдан табылды

23 жастағы жігіт осы кезге дейін Қостанайда пәтер жалдап тұрып келген. Ол хабар-ошарсыз кетуінің себебін айтты.
Астана тұрғыны 2022 жылдың 21 қаңтарында үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Полицияға оның туған әпкесі көмек сұрап барыпты. Жігітті іздеуге полицияның жеке құрамы жұмылдырылған. Тәртіп сақшылары жылға жуық уақыт іздеу шараларын тоқтаусыз жүргізіп келіп, нәтижесінде оны Қостанайдан тапты.
«Ол мұнда аспаз болып жұмыс істеп, жалдамалы пәтерде тұрған. Өзінің айтуынша, құмар ойынға кіріп, қарызға батқан соң үйінен кетіп қалған.Қазір туған-туыстарының қолына тапсырылды», – делінеді ІІМ ресми сайтында.
Жас жігіт бұған дейін де үйден бірнеше рет кетіп қалған екен. Сондай-ақ құмар ойынға да бірнеше рет ақша ұттырыпты. Жақындары оны аман-сау тауып бергені үшін тәртіп сақшыларына алғыстарын айтты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓