Ақмола облысында жол апатынан қостанайлық жүргізуші қаза тапты

Апат Астрахан ауданының Жалтыр ауылы маңында болды.
Бүгін таңғы сағат 6:00 шамасында газел мен "Баян Сұлу" кондитерлік фабрикасының фурасы бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан газель жүргізушісі оқиға орнында мерт болған. Қайғылы хабар әуелі WhatsApp мессенджері арқылы тарады. Кейін осы оқиға туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі ресми мәлімет берді.
"Оқиға "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1105 шақырымында болды. Газель жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, жолдың қарсы бетіндегі "Маз" маркалы көлікке соғылған. Жүргізуші қаза тапты. Ал жүк көлігінің иесі мен жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді", – дейді баспасөз қызметшілері.
Департамент мамандарының айтуынша, осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталған.
Марқұмның 29 жастағы қостанайлық азамат Саят Есмағамбетов екені анықталды. Қазір оның әріптестері қара жамылған отбасыға көмек көрсету үшін және газельде болған тауар шығынын өтеу үшін қаржы жинап жатыр. Жүк көлігі жүргізушісінің де Қостанай облысының 52 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓