Екі жақты келісім
«Ақжол» Демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалы Қостанай облысы Әйелдер күштері альянсымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қостанай облысы Әйелдер күштері альянсының төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы Римма Бектұрғанова меморандумға қол қою бұл жұмысқа жаңа серпін беретініне сенімді. Қол қойылған құжат аясында партия өкілдерімен бірлесіп, алдағы уақытта бірнеше ауқымды іс-шаралар өткізіледі.
«Біздің ұйыммен өзара ынтымақтастыққа келген бірінші партия», – деді Қостанай облысы Әйелдер күштері Альянсының төрайымы Римма Бектұрғанова.
Айта кету керек, «Ақжол» партиясының облыстық филиалының белсенді мүшесі Әлия Жүнісова әйелдер күштері альянсының құрамында. Қазір Әлияның бастамасымен оқушылардың тамақтану мәселесі жиі көтеріліп, мектептерде мониторинг жүргізілуде. Табысты ханымдардың бастамасымен бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру мәселесі қазір төменгі палата қарауында.
Шұға Қоңқабай