Қай мамандық сұраныста?

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев болашақта сұраныста болатын мамандықтар туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. мамандық"Ұлым оныншы сыныпта оқиды. Келесі жылы ҰБТ тапсырады. Мамандық таңдау керек. Біздің құбылмалы өмірімізде сіздің ойыңызша болашақта қандай мамандықтар сұранысқа ие болатынын қызықтырады", – деп сұрады Сағадиевтен Астана әкімі есептік кездесу кезінде. 
"Барлығы сұраныста болады. Меніңше, мәселе мамандықта емес. Мен білімі бойынша философпын. Ешкімге керегі жоқ мамандық сияқты. Дегенмен көріп отырғандарыңыздай қажеті бар болды. Гуманитарлық ілімге деген көзқарас жеңіл болмауы керек, өйткені, мәселе бағытта емес, пәннің тереңдігінде. Кез келген пәннің сұранысы болады: тіс дәрігері ме, философия әлде психология ма, теміржол болсын…  Өз мамандығыңды қаншалықты жақсы білесің, шартты түрде айтқанда рейтингте қандай орындасың, мәселе осында. Пән түрінде емес, білім тереңдігінде", – деді Ерлан Сағадиев. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓