Президент ең бірінші қандай құжатқа қол қоймақ?
Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімі барысында сөйлеген сөзінде ең әуелі қандай Жарлықты қабылдайтынын айтты.
Жиын барысында Президент Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұратынына тоқталды.
"Ауыл — ел бесігі" деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ — бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын, — деді Тоқаев.
Оның айтуынша, бұл құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірленеді.
"Бұл менің жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығым болады. Үкімет ауылды дамытуға арналған барлық жобаны жүйелі түрде реттеп, жинақтауға тиіс. Содан кейін мақсатты түрде тиімді жұмыс жүргіземіз", — деді Мемлекет басшысы