Қазандық жарылды
Арқалық қаласының жылу энергетика орталығында қазандық жарылды.
Осы оқыс жағдайға байланысты қала әкімдігінің өкілдері түсінік берді. Олар желіде жалған ақпарат таратпауды сұрап отыр.
«Жылыту қазандығы кеше сағат 17:00-де жарылды. Екінші ыстық су мен үш бу қазандығы аман. Адам шығыны және зардап шеккендер жоқ. Жөндеу жұмыстары басталды. Қосымша ақпарат ресми түрде хабарланады, – деді әкімдіктегілер.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл ақау тұрғындарға жылу мен су беру қызметіне кедергі болмаған.
Айта кетейік, ЖЭО мазуттан көмірмен жылытуға көшу үшін ЖЭО-да ірі көлемді қайта құру жұмыстары жүргізілген еді. Жаңа орталық өткен жылдың күзінде ғана пайдалануға берілген болатын.