Дауыс санауға кірісті
Сағат 20.00-де барлық учаске жабылып, сайлау комиссиялары дауыс санауға кірісті.Қостанайда Әуежай шағын ауданындағы нөмірі 45-ші сайлау учаскесінде 2200 тұрғын тіркелген. Олардың бірқатары учаске ашылысымен кезекке тұрып, комиссия мүшелерімен қосылып әнұран шырқады.
"Жаңа шағын аудан болғандықтан, былтырлары сайлаушылар саны көбейіп кеткен еді. Бес мыңнан астам сайлаушы дауыс беріп, комиссия екі есе жұмыс істеген еді. Биыл осы жағы ескеріліп, шағын аудан тұрғындары екі учаскеге бөлінді", – деп атап өтті учаскедегі сайлау комиссиясының төрайымы Жанар Кушанова.Учаскеде күн ұзаққа төрт бақылаушы отырды. Олар мұнда заңға қайшы ешқандай әрекет байқалмағанын айтады.
"Таңғы сағат алтыдан осындамыз. Барлық жағдайды тексеріп қарадық. Заңды, талапты бұзу сияқты келеңсіздік байқалмады. Енді дауыс санаудың әділ болуын қадағалаймыз", – дейді "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігінің бақылаушысы Мәдина Мейірім.Әуежайдағы учаскеге отбасымен келушілер де аз болған жоқ. Диас пен Айжан Аманжоловтар шаңырақ көтергелі дауыс беруге отбасы болып бірінші рет келгенін айтады."Отау құрғанымызға екі жыл. Міне, бүгін бізбен бірге Даяна қызымыз да дауыс берді. Оны ертіп әкелгеніміз – қазірден патриот болып өскенін қалаймыз", – дейді Айжан.Бір айта кетерлігі, мұндағы сайлаушылар учаске жабылғанша бір саябырсыған жоқ.