Шағын футболдан өткен жарыс

Сарыкөл ауданында  Жеңістің 70 жылдығына орай «Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ, бас төраға В.П.Павличенконың ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өтті.
фффЖалауын желбіреткен бұл жарысқа «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты», аудандық ішкі істер бөлімі, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Өрт сөндіру – 16 және білім бөлімі сынды мемлекеттік мекемелер қатысты.
Барлығы 5 команда өзара бақсынасқан ойын қызық пен тартысқа толы өтті. Яғни, ойыншылар бірінен бірі аспаса, кем түспейтіндіктерін дәлелдеуге тырысып-бақты. Нәтижесінде, ең мықтылары жеңімпаз атанды. Айталық, бірінші орынды аудандық білім бөлімі  мекемесі жеңіп алса, екінші орынды спорт мектебі ал аудандық колледж үштіктен көрінді.
Жүлдегер командалардың бәрі кубок, мадақтама қағаздары және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓