Тәжімақин турнирінің тартуы
Жуырда Қостанайда бокстан Мұрсал Тәжімақинді еске алуға арналған облыстық чемпионат мәреге жетті. Шаршы алаңға шыққан жасөспірімдер он екі, ал қыздар төрт салмақ дәрежесі бойынша сын-ға түсті. Турнирде 14 жасар қостанайлық жас былғары қолғап ше-бері Артем Шумков барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, облыс чемпионы атанды. Сондай-ақ, өз салмақ дәрежесінде Евгений Бабичев, Нұрбол Бердімұратов, Жасұлан Асылбеков, Нұрлан Айманов, Ақмырза Қабдуллин тәрізді жас боксшылар жеңіс тұғырына көтерілді. Ал қыздар арасында Қостанай ауданының өкілі Гүлмира Байманова, арқалықтық Жанна Серікова, қарасулық Влада Кукта және қарабалықтық Надежда Рябец "алтыннан" алқа тағынды. Осы турнирде ең үздік боксшыға тағайындалған жүлде қостанайлық Евгений Бабичевке бұйырды. Сондай-ақ, жітіқаралық Манас Ержанов "Жеңіске деген жігері үшін" аталымына ие болды.
Айбек
КӘДІРҰЛЫ