Сайлау күні сәби дүниеге келді
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы басталды. Тарихи күнмен тұспа-тұс Амангелді ауданы Үрпек ауылының отбасында бір нәресте өмірге келді.
Кесте тігер Арқалық қаласындағы перзентханада дүние есігін ашты. Есімі Сайлаугүл деп қойылып отыр. Әкесі Әділбек Тоқтарұлының айтуынша, сәби таңғы сағат 04:00-де туған. Қазір ананың да, шақалақтың да жағдайы жақсы. Нәрестенің салмағы – 4 келі. Бір айта кетерлігі, Сайлаугүл Әділбекқызы отбасыдағы жеті ұлдан кейін туған жалғыз қыз болып отыр.
Сүйінші жаңалық туралы кейінірек тарқатып жазатын боламыз.