Шағын қаланың қайнаған тірлігі

Лисаков қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты, кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өткен он айда 69,3 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, полиэтилен, темірбетон, бетон, жұмыртқа науалары, нан-тоқаш өнімдері, ашытылған сүт өнімдерінің өндірісі артқан. Алайда, әлеуеті жоғары моно шаһарда темір кені, боксит өндіру, темір кені концентраттарын өндіру, қосалқы бөлшектер, металл конструкциялар, сыра өндірісі айтарлықтай төмендеген. Бұл туралы бізге өңірлік коммуникациялар алаңында Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраев баяндап берді.
 
Шағын қаладағы ірі жобалар
Бүгінгі таңда қалада жалпы құны 1,3 млрд теңгенің инвестициялық жобалары іске асырылуда. Бірінші шағын ауданда «Алақай» спорттық-ойын-сауық саябағының құрылысы басталды, «ConfidentLis» ЖШС стоматологиялық пункті салынуда, 7 шағын аудан ауданында супермаркет, №7 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұдан басқа, 2021 жылы кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасына металл конструкциялары зауытын салу, құрылыс және әрлеу материалдарын өндіру жөнінде жоба енгізілді. Қаланың әлеуетін арттыру үшін инвесторларды тартамыз. «Арай Холдингте» қажетті жоба қолға алынуда. Бұрын жабылып қалған спирт зауытын жандандыуға инвестор тартып жатырмыз. Зауыттың екінші тынысы ашылады деген үміттеміз. Сондай-ақ, тағы да Челябі облысымен бірлесіп, цинк өндіретін зауыт салынбақ. Сондай-ақ, «Бобровский Кварцит» ЖШҚ-мен бірлесіп қуаттылығы жылына 34 мың тонна кремний карбиді өндіретін зауыт ашылады. Жоба құны 26,4 млрд теңге. Бүгінгі таңда қала аумағында «Qazaqstan ElectroMineral Kompani» ЖШС жаңа кәсіпорны тіркелген, жоба кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасына енгізілді, – дейді Абай Сәрсенбайұлы.
 
Тұрғын үй кезегінде – 698 тұрғын
Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 698 адам тұр. Кезектілікті төмендету мақсатында мынадай жобалар іске асырылуда. Лисаков қаласының 7 шағын ауданында 105 пәтерлі 9 қабатты жалға берілетін тұрғын үй құрылысы, құрылыс-монтаж жұмыстарына 1,5 млрд теңге бөлінген. Бірінші шағын ауданындағы әкімшілік ғимараттың бір бөлігі қайта жаңғыртылып, дәрігерлерге берілмек.
 
Еліміз бойынша тұңғыш жоба
Жергілікті бюджеттен берілетін трансферттер есебінен жалпы сомасы 2,4 млрд теңге болатын бұрын басталған жобаларды іске асыру жалғасуда. Лисаков қаласында 3 шағын ауданның екі жылу желісі қайта жаңаруда. Қаланың инженерлік желілері бойынша «көшедегі шаруашылық су құбыры (Верхнетоболь көшесі бойындағы қазандық) және тазартылған ағын су коллекторының құбыры қайта жаңартылды.
Жалпы сомасы 30,6 млн теңгені құрайтын 2 сумен жабдықтау және су бұру учаскесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 12 жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қала тіршілігін қамтамасыз ету үшін штаттық режимде жұмыс істейді. Коммуналдық кәсіпорындардың жұмысында ақаулар жоқ. 2022 жылдың қазан айында құны 162,0 млн теңге болатын «Рекомин-КС» кешенді әрекет ететін реагент пен «хлор диоксиді және хлор» дезинфекторын қолдана отырып, ауыз суды дайындау технологиясы пайдалануға берілді.
«Бұл да қала тұрғындары қажет. Еліміз бойынша қолға алынып отырған тұңғыш жоба. Оның бір пайдасы онкологиялық ауруларды төмендетеді. Бұл бір жылдың ғана нәтижесі емес», – дейді Абай Сәрсенбайұлы.
Қала үшін тағы бір маңызды жоба бойынша моно шаһарда өз қажеттіліктерін өтеу үшін жобалық кұні 850 млн теңгенің газ тұтыну қондырғысын салу жұмыстары жалғасуда.
 
Көптен күткен «Алый парус» және көше жолдары
Биыл Лисаков қаласындағы жол инфрақұрылымын дамыту шеңберінде жалпы ұзындығы 8,7 мың шаршы метрді құрайтын көше жолдарын жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бөлінген 64,2 млн теңге толық игерілген.
«Шаһардағы №2 шағын ауданынан бастап Сәтбаев аллеясы бойындағы көше жолдарын, жүріс бөлігін кеңейте отырып, қалаішілік жолдар мен өткелдерін, орамішілік жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Қаладағы Верхнетоболь көшесі қалалық зиратқа баратын теміржол жолы көшесіне дейін орташа жөндеу жүргізілді. Жүру бөлігін кеңейте отырып, қала жолдары мен өткелдері ағымдағы жөндеуден өтті, – дейді қала басшысы.
Қазіргі уақытта бұрыннан келе жатқан «Алый парус» лагеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оған бюджеттен 126,1 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, қала кәсіпорындарымен балаларды одан әрі бос уақыт пен дамыту үшін демалыс орнын қайта жаңғырту мақсатында жергілікті кәсіпорындармен 97 млн теңге сомасында меморандум жасалды.
 
Дәрігерлер жетіспейді
Лисаковта медицина қызметкерлері үшін тұрғын үй мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл проблеманы шешу үшін медициналық кадрларды тарту мәселесі жолға қойылған. Қалалық ауруханаға еліміздің медициналық оқу орындарынан жас мамандар тартылуда. Қазіргі күні 12 дәрігер жас маман жұмысқа келді. Олар – жалпы тәжірибелік дәрігер, акушер-гинеколог, педиатр-неонатолог, дерматолог, офтальмолог, невропатолог. Осыған байланысты моношаһарда аурухана кешені шағын ауданында ғимараттың бір бөлігін жалға берілетін тұрғын үй-жайларға қайта жаңарту жобасы қолға алынды. Жоба құны – 173,5 млн теңге. 12 пәтер қайта жаңартылмақ. Қаладағы тұрғын үйге мұқтаж медицина қызметкерлерінің мәселесі шешілмек. Қала әкімінің айтуынша, алдағы наурыз айында тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Айта кету керек, Октябрь кентінде дәрігерлік амбулатория салынады. Бұл жобаны облыстық басқарма жүзеге асыруда. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, «Қазтұз» жобалау институты» ЖШС-мен 9,2 млн теңгеге шарт жасалды.
 
Жұмыс жалғасады
Лисаков қаласының іргесінде жатқан Октябрь кентінде бірқатар әлеуметтік нысандар салынып, абаттандырылуда. Елді мекеннің көркін арттыруға қалалық бюджеттен 70,9 млн теңге бөлінді. Елді мекенде бейнебақылау камералары орнатылмақ.
«Көшелерге жарық орнату желілеріне жөндеу жүргізілді, автобус аялдамалары тұрғызылып, бейнебақылау камералары орнатылды, Омаров көшесінің жолдарына орташа жөндеу жүргізіліп, асфальт төселді. Орталық стадионда және Омаров көшесінде және 3 балалар алаңы көше жарығының тіректері орнатылды. Жыл аяғына дейін 32,5 млн теңге сомасына жүгіру жолағы, стадионның трибуналары мен қоршауларын орнату жұмыстары жүргізілді, – дейді Абай Сәрсенбайұлы.
«Барлық бағыттар бойынша жұмыс жалғасатын болады. Бүгінгі таңда Лисаков қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді. Онда қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қаланың әлеуметтік-эконмикалық дамуы бойынша бірқатар жобалар бар», – дейді Абай Сәрсенбайұлы.
Лисаков қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓