Қостанайлық дәрігерлер өте күрделі ота жасады
Қостанай облыстық ауруханасының дәрігерлері өте күрделі операцияны сәтті жасап шықты. Олар өкпе артериясының тромбоэмболиясы дертіне шалдыққан ахлі ауыр пациентті аман алып қалды.
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы өте ауыр аурулардың бірі саналады. Дамыған елдердің өзінде бұл дерт адам өлімі жөнінен үшінші орында тұрады. Ол өте тез дамиды. Дәрігерлерге одан да жылдамырақ әрекет етуге тура келеді.
"Бұл біздің бірлескен командалық жетістігіміз. Бұл оңай емес: тез арада диагноз қойылып, уақытылы шұғыл көмек көрсету, жансақтау бөліміне жатқызу, отадан кейін бақлауға алу бар", – дейді кардиохирург Әбунасыр Суханов.
Өкпе артериясының тромбоэктомиясы Қостанайда тұңғыш рет жасалды. Бір ерекшелігі, қанұйықты артериядан алып тастау отасы жасанды қан айналымы және гипотермия жағдайында жасалды.
Пациент жан сақтау бөлімінде жатыр. Бірақ оның өміріне қазір еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Пациент жан сақтау бөлімінде жатыр. Бірақ оның өміріне қазір еш қауіп төніп тұрған жоқ.