Әкімдер рейтингі: А.Мұхамбетов 2-орында

Елдің әр өңірінің қазан айындағы жетістіктері мен кемшіліктері сарапталды. Соған сәйкес әкімдер рейтингі түзілген. Мұнда Қостанай облысының да әр саладағы көрсеткіштеріне талдау жасалады.
Сараптама облыстың орақ науқаны жөнінен республикада екінші орын иеленгенінен басталады. Одан әрі өңірдің экспорттық әлеуеті сөз болады. Алғашқы жартыжылдықтағы көрсеткіш бойынша, азық-түлік экспортының 22%-ы Қостанай облысына тиесілі болған. Тобыл-Торғай өңірі 191 млн доллардың өнімін шетелге шығарыпты. Жалпы республикадағы табыс – 854 млн доллар.
«Егер жекелей тауарларға тоқталсақ, облыс ұн экспортынан бірінші (3/1), қоюлатылған сүтті шекара асырудан екінші (21%), макарон өнімдерін экспорттаудан үшінші (15%) орында тұр, – делінеді сараптамада. – Көлік құрастыру саласындағы табыстар да жыл сайын ұлғайып келеді».
Сондай-ақ, Әулиекөл ауданындағы ахуал да сарапшылар назарынан тыс қалмаған.
«Өткен айда өрттен зардап шеккен тұрғындарға жаңа үйлердің кілті берілді. Құрылыс ректордтық мерзімде аяқталды. Ай ішінде коттеджді қалашық бой көтерді. Жергілікті халық разы болды. Әрине, негативті жағдайлар да көрініс берді. Бір үйдің ауласын су басып, ол әкімдік жұмысына кері ықпал ете жаздады. Бірақ болмашы мәселені әкімге қарсы жоспарланған ақпарат деп қабылдау керек», – дейді сарапшылар.
Мұнымен қоса, облыста өрттен кейін орман алқаптарын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды басталғаны, миллиондаған көшет отырғызылатыны дәйекке алынған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓