Ауылды дамыту керек!

Үгіт-насихат науқанының аяқ­талуына аз қалды. Өңір-өңірде президенттікке кандидаттар мен олардың сенім білдірілген өкілдері түрлі еңбек ұжымдарымен кездесіп, өз бағдарламаларын халыққа түсіндіру жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Бүгін «Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевтың сенімді өкілі, партияның республикалық жастар қанаты төрағасының орынбасары Дәурен Рахымбек Қостанайға келді. Ол М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Мен ауылдан шықтым!» жастар акциясына қатысты. Жастар акциясы кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына арналды. Сенімді өкіл кандидаттың сайлауалды тұғырнамасының мақсат-мүдделерімен таныстырды. Сондай-ақ, еліміздің агроөнеркәсіптік кешені мен ауылды дамыту мәселелеріне қатысты негізгі ұстанымдары туралы, соның ішінде ауыл шаруашылығын дамыту үшін жаңа мемлекеттік аграрлық саясатты әзірлеу қажеттігін де тілге тиек етті.
– Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы біздің басты ұлттық құндылықтарымызды: дала демократиясының қағидаттарын, жоғары рухани-адами мәдениетті, қуатты аграрлық саланы және бақуатты өңірлерді барынша іске асыруға негізделген, яғни жаңа Қазақстанды құруға бағытталған. Сонымен қатар, бағдарламада ауыл жастарына баса назар аударылған. Барлығымыз да ауылдан шықтық, ауылда өсіп-өндік. Сондықтан, ауылдың өндірістік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларын іске асырудың маңызы зор. Еңбекқорлықты, жауапкершілікті, аға буынға құрмет көрсетуді, ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтарды сақтай отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің тұжырымдамалық тәсілдері жолға қойылған, -деді сенімді өкіл.
Акция аясында студенттердің қатысуымен шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓