Жаңа белес
Қостанай өңірінің «Алтынай» бишілер тобы Түркістаннан екі рет алтын медальмен оралды.

Қазан айының соңында Түркістан қаласында «Turkestan music festival» халықаралық байқауы өтті. Ол Қазақстанның түкпір-түкпірінен 65 шығармашылық ұжымның басын қосты.
Астана, Павлодар, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Хромтау қалаларының өнерпаздары бақ сынаған еді. Фестивальде Қостанай өңірінің атынан «Алтынай» халық би ансамблі қатысты.
Сайыс қорытындысында қостанайлық жас өнерпаздар (ең жас буын – 6-7 жас) қазақ халық биі мен заманауи би түрлерінен жүлделі орынға ие болды.

Дильназ Изделюева,
3-курс студенті