Жітіқарада жүкті әйел көз жұмды
Қайғылы жағдайға дәрігерлердің салғырттығы себеп болуы мүмкін.
31 жастағы Роза Муслиманова Жітіқара аудандық ауруханасында қаза тапты. Жүкті әйел сол күні қызуы көтеріліп жатқанын айтып, жедел жәрдемге жүгінген. Кейін дәрігерлер қажетті дәрі-дәрмегін жазып беріп, үйіне жіберіпті. Түнгілік ауруханаға қайтадан түскен әйел көз жұмды. Бұл ақпаратты облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мамандары растады.
"Қызметтік тексеру жүргізілді. Оған облыс мамандары тартылды. Сараптама тағайындалды. Тергеумен ДСМ Қостанай облысындағы Медицина және фармацевтикалық бақылау комитеті, сондай-ақ Астана акушерлік, гинекологиялық және перинаталдық ғылыми орталығы айналысып жатыр", – деді басқарманың баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Марқұмның артында кәмелетке толмаған үш бала қалды. Олардың үлкені тоғыз жаста, ортаншысы алтыға толған, ал кішкентайы алты айлық.