Газ беру тоқтатылады

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қостанай өндірістік филиалы "Қарталы-Рудный" магистралды газ желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Соған байланысты табиғи газ беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы филиалдың баспасөз қызметі хабарлады.
Жөндеу жұмыстары 16-30 тамызы аралығында жүргізілмек. Осы уақытта төменде көрсетілген тұтынушылар санаты көгілдір отыннан ажыратылады:
1. Тұрмыстық тұтынушылар:
– Рудный қаласында  (2021 ж. 16-30 тамыз);
– Майский, Набережный, Красносельский, Әйет, Юбилейный ауылдары (2021 ж. 19-29 тамыз).
2. Коммуналды-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушылар. Қостанай қ., Рудный, Тобыл қ., Майкөл, Александров, Алтын дала, Алтынсарино, Аманқарағай ауылдары, Арақарағай орман шаруашылығы, Әулиекөл, Бозбек, Владимиров, Еңбек, Жамбыл, Жуков, Заречное, Қосқұдық, Красный Кордон, Малый Чураков, Мичурин, Октябрьский, Садовой, Садчиков, Обаған, Силантьев ауылдары, Обаған орманшылығы, Щербаков, Майский, Набережный ауылдары, Қашар кенті, Федоров, Красносельский, Әйет, Юбилейный ауылдарында.
3. 2 пункте көрсетілген елді мекеннің тұрмыстық тұтынушылары үшін газбен қамту филиалдың резервтік қуаты арқылы жүзеге асырылады.
"Мұнымен қоса, тұтынушылардың барлық тобына тосын жағдайлардың туындау ықтималдығының алдын алу үшін жанармай қорымен қамсыздану мүмкіндігін қарастыруға кеңес береміз. Көгілдір отын жөндеу жұмыстарының аяқталу шамасына қарай қайта беріле бастайды. Бұл жұмыстар Қостанай облысы тұтынушыларына күз-қыс мезгілдерінде газды төтенше жағдайсыз таратуды қамтамасыз етуге бағытталып отырғанын хабарлаймыз", – делінеді хабарламада.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓