Қостанайдағы NIS оқушысы IX Иран олимпиадасында III орынға ие болды
Қостанайдағы NIS 9 сынып оқушысы Дидар Жалғасбаев 14 қазан күні онлайн форматта өткен геометрия пәнінен Халықаралық Иран олимпиадасында III дәрежелі дипломмен марапатталды.
– Мен Иран олимпиадасынның геометрия пәнінен 9-10 сыныптар арасындағы топтар лигасында қатысқан болатынмын. Ол жерде 5 күрделі геометриялық есеп шығардық. Мен бірінші берілген геометриялық тапсырманы тез шештім, ал қалған тапсырмаларды шешуге қиындыққа соқты себебі оған жақсы дайындықты қажет етті. Мен олимпиадалық математикамен айналыссам да, геометриядан күрделі есептерді шешуде жоғары деңгейде жұмыс жасау керек. Олимпиадада геометриялық тапсырмаларды орындау үшін жоғары сыныптардың планиметриясын білуді талап етті. Тапсырмалардың шарттары көлемді болды, сондықтан олар өте күрделі болып көрінді. Соған қарамастан, мәселелер қызықты және өте талғампаз шешімдер болды, – дейді Дидар.
Алғашқы Иран олимпиадасы 2014 жылы өтті. Бірінші олимпиадаға 10-нан астам мемлекет қатысса, VIII Иран олимпиадасында олардың саны 70 елден асты. Бұл олимпиадаға әр мемлекеттен үш лига бойынша оқушылар қатысады: 1 лигада – 7-8 сынып, 2 лигада – 9-10 сынып, ал 3 лигада 11-12 сыныптар.