Мемлекеттік тіл –менің тілім


Шараның ашылу салтанатында директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Руслан Тынысбеков қазақ тілін меңгеру, оны құрметтеп, дамуына жайлы жағдай жасау – акционерлік қоғам ұжымының маңызды міндеті екенін қадап айтты. Одан кейін сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Жанат Мырзабаева
мемлекеттік тілді дәріптеуге арналған аталмыш конкурстың маңыздылығына тоқталып, барлық қатысушыларға табыс тіледі.

Байқауды ұйымдастырушы филиалдың 1-санатты аудармашысы Кенжекей Қуандыққызының айтуынша, мамандардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген
құлшынысы жоғары. Әр бөлімшемізде арнайы оқытушы мен толықтай жабдықталған кабинеттер де бар, – дейді ол.

Шараның шымылдығын алғаш боп ашқан Қостанай аумақтық диспетчерлік
орталығының қызметкерлері ұлттық киім үлгісімен ерекшеленсе, Жітіқара мен Рудныйлық бөлімшелердің намысын қорғаған
командалар сөз саптау мәдениетімен және тапқырлығымен көзге түсті. Қазақтың мақал-мәтелдерін жатқа айтқан өзге ұлт өкілдерінің арасынан Анастасия Марковцева мен Александр Анохин сытылып алға шықса, Қостанай аумақтық электр тораптарының командасы салт-дәстүрлер кезеңінде қалыңдықты сыңсып шығарып салу көрінісін өте жоғары деңгейде сахналады. Сайыскерлер өнерін бағалауда әділқазы алқалары алдын ала үй тапсырмасы ретінде берілген рефераттар мен плакаттарға да баса назар аударды. Осылайша жалпы қорытынды шығарылып, филиал басқармасының командасы ең үздік деп танылды. Марапаттау рәсімінде барлық командаларға дипломмен қатар, оқу құралдары мен ақшалай сыйлықтар табысталды.


Қуаныш
ЕСҚАБЫЛ
СУРЕТТЕ: байқаудан көрініс.
Суретті түсірген автор.