Жампоздарға лайықты құрмет

Қостанайдың 139 жылдығын тойлауға арналған негізгі мерекелік іс-шаралардың бірінде өңір басшысы Архимед Мұхамбетов облысқа еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады. Бұл тізімде есімі көпке белгілі Кәкімжан Карбозов пен танымал композитор Қалибек Деріпсалдин бар. Безымянный
– Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан іргесі берік, ынтымағы мығым, экономикасы дамыған әлеуетті мемлекет ретінде қалыптасты, саяси тұрақтылық пен демо-кратиялық үрдістерді басым бағыт ретінде таныған көшбасшы елге айналды. Осы кезең ішінде Қостанай қаласы да елдің саяси-экономикалық және рухани дамуына айтарлықтай үлес қосты,-деді өз сөзінде А.Мұхамбетов.
Кәкімжан Карбозов облыстан шалғайдағы Жанкелдин ауданы Көлқамыс ауылында тұрады. Сексеннің сеңгіріне шықса да абзал ақсақал туған елі мен жері үшін табандылықпен еңбек етіп, халыққа қызмет көрсетіп жүр. Қостанай қаласының мерейлі тойында дала қыраны Кәкімжан ағамызды облыс әкімі "Қостанай облысының Құрметті азаматы" атағымен марапаттады. IMG_8379
Ал Қ.Деріпсалдин "Қостанай қаласының Құрметті азаматы" атағына ие болды.

You may also like...

1 Response

  1. Шынар айтты:

    Кəкімжан аға мен Ғалибек ағайдың алған марапаттары құтты болсын! Ел ағаларының елге бергенінен берері көп болсын. Қашанда мерейіңіз үстем болып, амандықта жүре беріңіздер. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓