Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы

pr10_2014_9_1kz2014 жылғы қазандағы Қостанай облысы бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 19076 теңгені құрады.
Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы – құнының шамасы бойынша ең төменгі деңгейдегі тұтыну қоржынына тең бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс.
Ең төменгі тұтыну қоржыны заттай және құндық шағылудағы тауарлар мен қызметтердің ең аз жиынтығы. Ол азық-түлік қоржынынан (60%) және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің (40%) шығыстарынан тұрады.
Азық-түлік қоржынына 43 тамақ өнімдерінің атаулары: ет, балық, сүт, май-тоң май, нан, жеміс-көкөністер және олардың түрлері, жұмыртқа, қант, шай, дәмдеуіштер және басқа тағамдар кіреді.
2014 жылғы қазанда 2013 жыл-ғы желтоқсанға қатысты Қостанай облысы бойынша халықтың орташа жан басына ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 21,0% көтерілді, өткен айға – 1,0% және 19076 теңгені құрады (тамақ өнімдері – 11446 теңге, азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтер көрсету – 7630 теңге).
Оның құрылымында ет пен ет өнімдерін сатып алуға кеткен шығыстар үлесі 17,9%, көкөністер мен жемістерді – 16,0%, сүт, ірімшік пен жұмыртқа – 11,7%, нан және жарма өнімдері – 7,3%, май және тоң-май – 3,7%, қант, шай және дәмдеуіштер – 2,0%, балық – 1,4% алады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓