Ел ертеңі үшін дауыс берейік

Еліміз үшін, халқымыздың болашағы үшін өте маңызды сәтте Қазақстан халқы сайлауға белсене қатысып, таңдауын бірге жасауы қажет.
Сайлаудан кейін экономикамыз тұрақты дамып, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік туады.
Бұл сайлаудың басқа сайлаудан бір өзгешелігі – мұнда Президент бір рет қана, жеті жылға сайланады. Сонымен қатар, екінші қайтара сайлауға түсу мүмкіндігінің жоқтығында. Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенті болудан үміткерлер арасынан осы сайлауға кандидат етіп 6 үміткерді мақұлдады.
Президент сайлауы – тек Мемлекет басшысын ғана таңдау емес, бұл – ел болашағы үшін де жасалатын маңызды қадам. Қариялардың тыныш елде, жастардың мамыражай ғұмыр кешуіне жасалған үлкен мүмкіндік.
Сіздің даусыңыз ел үшін маңызды!
Жұлдыз ИСА,
қоғам белсендісі
қоғам белсендісі