Дауыс беру маңызды!

Ел Президенті заң алдында бәрі тең болсын деп, келешек үшін өте маңызды қадам жасады деп санаймын. Саяси трансформация барлық адамның мүддесі үшін қажет. Ал, адам өзінің заңда көрсетілген құқықтарын қалай пайдаланады, ол оның ынтасы мен белсенділігіне байланысты. Еліміздің болашаққа өзгерісі осы референдумға байланысты. Мен №61 сайлау учаскесінде дауысымды беріп, өз борышымды атқардым.
Бибігүл АҚҚОЖИНА,
AMANAT партиясы Қостанай
облыстық филиалының
атқарушы хатшысы.