Қадырғали ЖАМАНБАЛИН, облыстық мәслихаттың депутаты: “Білімді ұрпақ өсіру – кемел келешектің негізі”

– Қадырғали Қонысбайұлы, білім және ғылым саласының аймақтық кураторы ретінде "Нұр Отан" партиясының сай-лауалды тұғырнамасын оқыр-мандарға кеңірек түсіндіріп берсеңіз. Бұл нендей бағдар-лама? Түпкі мақсаты нені көздейді?
– Партияның саяси Доктрина-сында "бүгінгі әлемде үдемелі экономикалық дамудың өзекті шарты білім мен инновация" екені көрсетілген. Сондықтан "Нұр Отан" өз жұмысында азамат-тарымыздың интеллектуалдық әлеуетін барынша іске жаратуы үшін қолайлы жағдай мен инно-вациялық инфрақұрылым құруға айрықша мән береді.
Оның үстіне, партия мүшелері-нің 30%-ы білім, ғылым және мә-дениет салаларының қызметкер-лері. Бұл білім беру саясатының жүзеге асыруына тиімді монито-ринг жүргізу үшін салмақты әлеу-меттік база.
Бүгінде мемлекет азаматтар-дың мектепке дейінгі, орта және жоғары білімге сапалы түрде қол жеткізуін қамтамасыз етіп отыр. Және оқытудың әлемнің үздік стандарттарына сай келетін озық бағдарламаларын енгізудің арқа-сында білім беру жүйесінің бәсе-кеге қабілеттілігі артып келеді.
"Нұр Отанның" сайлауалды тұ-ғырнамасын жүзеге асыру шең-берінде білім берудің инфра-құрылымы жаңартылуда. Оқыту-шылық құрамның біліктілігі арт-тырылып, жыл өткен сайын бар-ша ұстаздардың жалақысы кө-бейіп келеді. Тұтастай алғанда, педагогика мамандығының беде-лі мен мәртебесі арта түскенін анық бағамдауға болады. Соны-мен қатар, әрбір екінші білім бе-ру ұйымында қамқоршылық ке-ңестер құру арқылы оқытудың сапасына қоғамдық бақылау кеңейе түсті.
– "Тәрбие – талбесіктен" де-мей ме халқымыз, білім атау-лының басы балабақшадан басталатыны жасырын емес. Елбасының өзі шағын орталық-тар мен мектепалды даярлық сыныптарын көптеп ашуды тапсыруы елдегі білім сапасын көтеруге бағытталған алғы шарттардың бірі емес пе?
– Шындығында солай. Партия өзінің сайлауалды тұғырнамасын екі жарым жыл ішінде жүзеге асырып қана қоймай, бірқатар жетістіктерді де ұсына алады. Мәселен, мектепке дейінгі тәр-биелеу мен оқытуды дамыту мақ-сатында 3 мыңнан астам мектеп-ке дейінгі орталықтар ашу міндеті сәтті жүзеге асып жатыр. Екі жа-рым жыл ішінде елімізде мектеп-ке дейінгі 1755 ұйым ашылғанын ескерсек, сайлауалды уәделер-дің 58,5%-ға орындалғанын аң-ғару қиын емес. Бұл өз кезегінде балалардың 80%-ын мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі міндет-тің оң шешілуіне мүмкіндік бере-ді. 2014 жылдың бірінші жарты-жылдығында бұл көрсеткіш 73,4%-ға жетті. Егер естеріңізде болса, ол осыдан үш жыл бұрын 65,4% деңгейінде еді.
– Мұның сыртында елімізде соңғы жылдары жүздеген жа-ңадан білім ошақтары бой кө-терді. Бұл да өңірлердегі білім сапасын арттыруға едәуір ықпал етпей ме?
– Орта білім беру саласында кемінде 400 мектеп салу міндеті сәтімен орындалып жатыр. Мәсе-лен, 2012-2013 жылдары еліміз-де 270 мектеп салынды. Бұл жа-ман көрсеткіш емес. Кешегі ке-ңестік кезеңдерде мұндай мүмкін-дік болды ма? Жоқ. Ендеше, бұл да "Нұр Отанның" сайлауалды платформада көрсетілген уәде-лерінің басым бөлігі (68%) орын-далғанын айғақтайды. Сондай-ақ, еліміздің барлық өңірінде "Назарбаев интеллектуалдық мектептерін" ашу жөніндегі сай-лауалды уәде де жоспарға сай орындалып жатыр. Кейінгі екі жарым жыл ішінде елдегі он төрт өңір орта білім берудің ту ұстау-шысы ретіндегі мектептермен қамтылды. Бұл жөнінен біздің облыста іргелі жұмыстар істелі-ніп жатқанын айта кетуіміз керек.
Тағы бір атап өтерлік жәйт, ол мектептердегі білім сапасын арттыру жөніндегі шаралардың кезең-кезеңімен орындалуы дер едім. Тағы да сандарға көз жүгір-тер болсақ, барлық мектептердің 30%-ында мүмкіндігі шектеулі ба-лаларды оқытуға тең әрі қолже-тімді жағдай туғызылды. Яғни, инклюзивті білім беруге бейім-делген мектептердің үлесі 2014 жылдың бірінші жартыжылды-ғында 25%-ға артты. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының 90%-дан астамын кең жолақты ғаламторға қосу жөніндегі міндет те сәтті орындалуда. Екі жарым жылда бұл көрсеткіш 67%-ға дейін ұлғайды (2011 жылы 37% болған).
Жоғары және бірінші санатты, біліктілігі жоғары педагог қызмет-керлердің үлесін 50%-ға дейін арттыру міндеті де сәтті жүзеге асырылып келеді.
– Қадырғали Қонысбайұлы, Сіздің өзіңіз де Қостанайдағы жоғары білім беретін іргелі оқу орнының басшысыз. Болашақ мамандарды баулудағы Сіз басшылыққа алған тетіктер қандай?
– Соңғы кездері жоғары білім беру саласында да ілкімді істер қолға алына бастады. Ол қан-дай? Мәселен, жоғары оқу орын-дарының басым бөлігінде (65%) корпоративтік басқару қағидат-тарын енгізу міндеті мерзімінен бұрын орындалды. Бүгінгі сту-дент – ертеңгі білікті маман. Енде-ше, ЖОО-лардағы оқыту үрдіс-тері барынша ашық әрі әр сту-дентке нақты түсіндірілуі шарт. Осы орайда, біздің З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті тәрізді іргелі оқу орындары партия ұсын-ған басым бағыттарды басшы-лыққа алуы қажет деп есептей-мін. Сонымен қатар, студент-тердің компьютерлік сауаттылық деңгейі 2013 жылы 63,2%-ға жет-ті. Бұл осыдан үш жылғы көрсет-кіштен жиырма пайызға артық.
Және мына бір мәселеге ерек-ше тоқтала кетейін, жалпы жоға-ры білім беретін оқу орындары-ның 50%-ында қамқоршылық ке-ңестер құру міндеті де мерзімінен бұрын орындалды. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығының қо-рытындысы бойынша мұндай ке-ңестер қазақстандық ЖОО-лар-дың басым бөлігінде құрылды.
– "Нұр Отан" партиясы жетім балаларға да ұдайы көңіл бө-летіні жасырын емес. Олардың лайықты өмір сүруін, білім алуын мемлекет өзі қадағалап отыр. Осы орайда, партияның атқарып жатқан істерін саралап берсеңіз.
– Қазақта: "Жетім көрсең, же-бей жүр", – деген бір аталы сөз бар ғой. Негізі, "Нұр Отан" пар-тиясы қолға алған шаралардың еншісінде балаларды қорғауға бағытталған жобалар аз емес. Әсіресе, жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала-лардың әлеуметтік бейімделуіне оңтайлы жағдай жасау мақсатын-да жүзеге асқан "Бақытты ба-лалық" жобасын атап өтуге бо-лады. Жоба аясындағы жұмыс-тар Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алу бойынша құқықтық алаңды же-тілдіру және қоғамда өз бала-сынан бас тартушылыққа төз-беушілік, бала асырап алуға құр-метпен қарауды қалыптастыру бағытында жүргізіліп келеді.
2014 жылдың бірінші жарты-жылдығында еліміз бойынша жетім балаларға 359 пәтер бөлінді. Мұндай игі шара біздің облыста да лайықты жалғасын тапқанын өздеріңіз жақсы біле-сіздер. Өткен жылы Рудный қала-сында балалар үйінде тәрбие-ленген бір топ жастарға жаңа пә-терлер берілді. Оларды тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесі де өз шешімін тапты.
Жалпы, жұмысқа орналастыру үшін еліміз бойынша ЖОО және ТжКО-лардың соңғы курстарын-дағы 600-ден астам жетім бала-ның тізімі жасалды. 11 сыныпта оқитын жетім балалардың кәсіби бейімделу мәселесі бақылауға алынды. Бұл бағытта балалар-дың құқығын қорғау мәселелері негізінде үш кодекс пен үш заңға 40-тан астам өзгертулер әзір-ленгенін еске сала кетейін.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан,
Айбек КӘДІРҰЛЫ.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.