2015 жылы Қостанайда бірнеше кен орындарында барлау жұмыстары жүреді
Өңірді одан әрі дамыту үшін пайдалы қазбалар кен орындарын игеру де басымдықтардың бірі болып табылады. Облыста 100% асбест, 98% астам республикалық мөлшерде алюминий шикізаты, 93% темір кені, 81% кобальт және 52% никель қоры орналасқан. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов мәлімдеді
Облыста жер қойнауын ірі пайдаланушылар «Соколов-Сарбай кен байыту өндірістік бірлестігі», «Өркен», «Қостанай минералдары», «Орион минералс», «Варваринское» және «Қазақстан Алюминийі» филиалдары болып табылады.
Қазіргі уақытта «Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы тағы 34 кен орны бойынша жұмыстар жүргізуде, оларды өңдеп шығару орта мерзімді перспективада өңір экономикасына шамамен 280 миллиард теңге инвестиция тартуға жағдай туғызады.
Олардың ішінен 3 кен орны бойынша ағымдағы жылы барлау және дайындық жұмыстары жүріп жатыр (Комаровское (мәрмәр), Ломаносовское (темір кені) және Орловское кен орнында (қоңыр көмір).
2015 жылы Надеждинка, Шаркөл, Солтүстік-Сахаров кен орындарында темір кенін барлау, сондай-ақ Елтай-4 кен орнында өнім шығару жоспарлануда.