Жастармен жүздесу

Бүгін Республикалық қоғамдық штаб мүшелері мен студент жастардың қатысуымен "Bir Tolqynda" ашық диалог өтті.
Облыстың жас буын өкілдерімен кездесуде штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды.  Әсіресе, Әділетті Қазақстан жолындағы өзгерістер, жастарға шағын кәсіпкерлікке қолдау туралы сұрақтарға айрықша мән берілді. Халық коалициясының өкілдеріне жастар жұмысқа орналасуға, гранттар алуға, жатақханаларда орын беруге қатысты түрлі сұрақтар қойды.
Жиында Республикалық қоғамдық штаб мүшесі Бауыржан Тибеев Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсірдіріп, жастарға қатысты іс-шаралардың барлығы жүйелі түрде жүзеге асатынын атап өтті.Облыстағы Жастар Рухы жастар қанатының төрағасы Серік Манасбаев жастардың басқа Кандитатарға қатысты не айтасыз деген сұрақтарына ерекше жауап берді.
Талқылауға Президенттікке кандидат Қ.Ж.Тоқаевтың қоғамдық штабының мүшесі Руслана Қапарова қатысып, Жастарға мемлекет тарапынан жасалып отырған мүмкіндіктер жайын тілге тиек етті.
"Мен" Бастау Бизнес " жобасының комиссиясындамын және жыл сайын 15 адамның 10-ы өз бизнес идеясын жүзеге асыруға грант алады. Сонымен қатар, Президент жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен несие беруді ұсынады. Жас таланттарға "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранттары беріледі, – деді Руслана.
Жалпы кездесуде сайлауалды жұмыстар және атқарылып жатқан істер таныстырылып, жастардың еліміздегі өзгерістер жайындағы пікірлері тыңдалды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓