Қар бұрқасыны жол қатынасын қиындатты
Облыс көлеміндегі ауа райының күрт құбылуы салдарынан тас жолдарда бірнеше жол апаты болды.


«Мәселен, бүгін сағат 11.06-да Қостанай-Қарабұтақ тас жолының 127-шақырымында 40 жастағы автотасығыш жүргізушісі рөлді басқара алмай жыраға аударылды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта көлікті эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде», – дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.


Кейінірек облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері ауа райының нашарлай түсуіне байланысты Рудный-Қашар-Федоров тас жол жүк көліктері үшін жабылғанын хабарлады.