Бала қауіпсіздігі – басты назарда

Арқалық қалалық білім бөлімінің басшысы Есланбек Мәметековтің төрағалығымен "Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру" жөнінде кеңейтілген кеңес өтті.
Кеңестің күн тәртібінде: "Мектеп оқушылары арасында 2021 жылдың 5 айында орын алған құқық бұзушылық, қайғылы оқи-ғалардың салыстырмалы көрсеткіші және алдын алуға бағытталған жұмыстар", "Білім алушылардың арасында жүргізіліп жатқан әлеуметтік-психологиялық және тәрбиелік жұмыстардың нәтижелілігі", "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың себептері және алдын алу шаралары" жөніндегі мәселелер қаралды.
Шара барысында Арқалық қалалық полиция бас-қармасы ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Дәмира Ахат, қалалық білім бөлімінің әдіскері Жадыра Қожахметова, А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гиназия директорының міндетін атқарушы Серікбай Ешімағалиев, Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Жәмила Өтебаевалардың баяндамалары тыңдалды.
Дәмира Талғатқызы өз есебінде: "Білім беру органдарымен бірлесіп тұрғын үйден тыс жерде, сондай-ақ ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп жатқандығын алға тартты.
Есептік кезеңде 168 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кәмелетке толмаған 31 бала есепке қойылып, "Қолайсыз отбасы" ретінде 20 отбасы тіркелген.
 Мұрат
 ЖҮНІСҰЛЫ
 Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓