Әке тағылымы жайлы сыр
Әдеби апталық аясында қадірлі ұстаз, торғайлықтардың гимніне айналған "Туған жер – Торғайым» әнінің авторы, ақын Ғалымбек Әбілқайырды еске алу кеші өтті.
Бұл іс-шараға сонау елорда төрінен аталмыш тұлғаның ұлы, белгілі журналист, «Elorda.info» сайты редакторының орынбасары Ғанибет Ғалымбекұлы арнай шақыртылды. «Көңілімнің шуағы» атты кеште торғайлық тұлғаның өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылды. Ғанибет әке тағылымы тураы сыр шертіп, қатысушы көрермендердің сұрақтарына жауап берді. Ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер шырқалды. Сонымен қатар, оқырмандар қаламгердің кітаптары қойылған көрме бұрышын тамашалау мүмкіндігін иеленді.
Айта кетерлігі, бұл кешке әйгілі ақын Сырбай Мәуленовтің ұрпақтары қатысты. Сондай-ақ, Серікбай Оспанов бастаған қостанайлық қаламгерлер және жастар мен кітапханашылар орта толтырды.