Жыры бөлек, сыры терең Сырағаң
Қостанайда "Жыр тұлпары, Сыр сұңқары – Сырағаң" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және ақынның ұлы Қасым Мәуленов қатысып, тұлғаның адами қасиеттері, шығармашылығы туралы ойларын ортаға салды.
Конференцияның ашылуында Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов сөз сөйлеп, өңірде өтіп жатқан әдеби апталық жайында ақпарат беріп өтті.
Сондай-ақ баяндамашылар ақынның өлеңдеріндегі ерекшеліктер жөнінде әңгіме қозғады. Іс-шараны ҚЖО Қостанай облысы филиалының төрағасы Жанұзақ Аязбеков жүргізіп отырды.
Зерделі жиынға қатысушылар Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапхана даярлаған көрмені тамашалады.
Іс-шара соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Балалар шығармашылығына арналған Ы.Алтынсарин атындағы республикалық байқаудың жеңімпаздары мен конференцияның секциялық отырысына қатысушылар марапатталды.
Іс-шара соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Балалар шығармашылығына арналған Ы.Алтынсарин атындағы республикалық байқаудың жеңімпаздары мен конференцияның секциялық отырысына қатысушылар марапатталды.
Конференция туралы толығырақ газетіміздің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.