Маңызы ерен мереке

Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтып кетті.
Егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміздің дамуына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері елеулі үлес қосты.
Ел ішінде қоғамдық қауіпсіздікті, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету кез-келген мемлекеттің тұрақтылығының басты басымдығы болып табылады. Осы жылғы «Қасіретті қаңтар» оқиғасы Ұлттық ұлан қызметінің қажеттілігі мен маңызын тағы да дәлелдеді.
Заманауи армия құру – бұл тек техника мен қару-жарақты жетілдіру емес, сонымен бірге бірінші кезекте кәсіби армияның негізі болып саналатын жаңа әскери буынды тәрбиелеу екені сөзсіз.
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Тәуелсіз елдің жастары мықты, рухты, патриот болуы тиіс деп білемін!
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні еліміздің халқына игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін.
Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Әскери бөлімнің абыройы, Отанымыздың тыныштығы мен бейбітшілігі, жетістігі үшін біз қашанда адал қызмет етуге дайынбыз!
Талғат ӘБДІРОВ,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
6697 әскери бөлімінің командирі,
подполковник