Алдын ала сақтанған абзал
Қостанай қаласының №1 емханасына тұмауға қарсы вакцинаның 4600 дозасы әкелінді. Доза саны 2021 жылмен салыстырғанда 600-ге көбейген.
pixabay.com
Тұмауға қарсы вакцина салдырту қыркүйек айының соныңда басталған. Аурудан сақтану үшін екпені бірнеше ай бұрын салдыртқан абзалырақ, себебі сырқатанып қалған жағдайдың өзінде, тұмау жеңіл түрде өтеді. Әкелінген препараттар – Ресейде өндірілетін «Гриппол плюс» вакцинасы. Вакцина ауруға қарсы иммунитетті қалыптастыруға және асқынулардың алдын алуға арналған. Тұмауға қарсы вакцинациядан кейін дәрігерлер стандартты сақтық шараларын сақтауға кеңес береді: ине салған орынды жарақаттап алмауға, ұйқы режимін сақтауға, аллергиялық реакция тудыруы мүмкін тағамдарды пайдалануға болмайтынын ұмытпаңыз.
«Қазіргі таңда тұрғындарға 300-ге жуық дана екпе салынған. Олар: созылмалы ауруы бар адамдар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, жабық типтегі (балалар үйі, мектеп интернаты, балаларға/мүгедектерге арналған мектеп-интернаттары) сонымен қатар, жұмысы халықпен тығыз байланысты адамдар. Уақытылы тұмауға қарсы егілу ауруға қарсы иммунитетті қалыптастыруға және асқынулардың алдын алуға арналған»,–- дейді Қостанай қаласының №1 қалалық емханасының эпидемиолог дәрігері Гүлсім Маруарқызы.
Гүлназ ТАҢАТҚАН,
3-курс студенті