Интернет биыл келмек

Пандемия кезінде ауыл-аймақтарда интернеттің әлсіздігі айқын байқалды. Электронды үлгіге көшірілген оқу бағдарламасы, мемлекеттік қызмет түрлері бәріне бірдей қолжетімді болған жоқ. Қостанай облысында ақпараттық технология игілігін көре алмай отырған елді мекендердің бірі Бауман ауылы еді. Жақында шалғайдағы ауылға кең жолақты интернет жетті. Без названияОблыс орталығынан 200 шақырым қашықтағы Бауман ауылында 170-тен астам үй түтін түтетіп отыр. Орта мектебі бар. Интернетті әсіресе, осы білім ошағының ұстаздары мен оқушылары қатты қажетсінді.   
– Білім порталына тіркеліп, құжат жүктеуге екі-үш күн ғана беріледі. Соған үлгіреміз деп, күні бойы отыратынбыз. Бір ғана жеке куәлік пен өтінішті жүктеуге 5-6 сағат жоғалтатын едік. Сөйтіп оқу бағдарламасынан қалып қойып жүрдік, – дейді Бауман орта мектебінің директоры Лилия Руденко. 
Бауман ауылына жақында ғана талшықты-оптикалық желі тартылды. Енді мемлекеттік мекемелер ғана емес, жеке үйлер де кең жолақты интернетке қосылады. 
2019-2020 жылдары Ұзынкөл ауданында, Бауманды қоса есептегенде талшықты-оптикалық байланыс желісімен 6 ауыл қамтылған. Ал Қостанай облысы бойынша соңғы екі жылда 39 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды. Биыл тағы 62 ауыл мобильді интернетпен қамтылмақ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓