Қадірлі қаламгер

Н.Островский атындағы қалалық кітапханада журналист, қаламгер, қазақ радиосының іргетасын қалаушы Қуанышбай Ормановтың 80 жылдық мерейтойына орай іс-шара ұйымдастырылды.Қуанышбай Төребекұлы еңбек жолын тілшіліктен бастап қоғамның түрлі салаларында беделді қызмет атқарған тұлға.Ол 1991 жылы Қостанай облыстық арнасының эфирге хабар таратуына тікелей ықпалын тигізді. Журналистика саласынан бөлек, ғылыми-зерттеумен жұмыстарымен айналысып, “Тұран өркениетінің ізімен” атты кітабы үшін Қостанай облысының меценттар клубының сыйлығын иеленді.Одан басқа, “Ат жолындағы өркениет”, “Қостанай-Торғай өңірінің топонимикасы” атты еңбектерінің авторы.
Мерекелік жиынның басты мақсаты бір, ол – халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген азаматтың өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа таныстыру
Кездесуге тыңдарман ретінде Қостанай өңірлікуниверситетінің  журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы мен филология мамандығының  студенттері қатысты.
Шара барысында кейіпкер өзінің шығармашылықтағы еңбек жолы мен журналистика саласының қыр-сыры жөнінде қатысушылармен сыр-сұхбат жүргізді.
“Біздің кітапхана іс-шараларды ұйымдастырып отырады. Осындай кездесулердің өтуі әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркендеуіне жақсы әсерін тигізері сөзсіз. Кітапхана жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі – өлкетану оқиғаларын насихаттау.Бүгінгі жиынға келген жастар ақын-атамыздың шығармашылығынан шабыт алып, жұмысына қанықса біздің мақсатымыздың орындалғаны”,- дейді кешті жүргізген Қанипа Сәкенқызы.
 
Қаракөз Мақатова
ҚӨУ студенті

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓