Қостанайда екі директор жемқорлық үшін сотталды

"Қазтеміртранс" компаниясының Қостанай облысындағы филиалы директоры мен "Вадиса М" ЖШС басшысына сот үкімі шықты.
Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, компания басшысы 2021 жылдың 1 қазаны мен осы жылдың 23 мамыры аралығында жүк вагондарын кедергісіз әрі жедел өткізу үшін серіктестік директорынан пара алып келген. Ол жалпы сомасы 1 200 000 теңге көлденең пайда тауыпты.
"Қазтеміртранс" директоры сот шешімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды. "Вадиса М" ЖШС директорына параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл белгіленді. Бұл 24 млн теңгеге тең", – деді баспасөз қызметіндегілер.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓