Керлингшілер жеңісі

Қостанай облысы чемпионат жеңімпазы атанды.
«Ойындар бізге қиын соқты. Қарсыластарымыз да жақсы дайындалған, деңгейлеріміз бір дәрежеде болды. Жарыс барысында барымызды салуға тырыстық. Еңбегіміз ақталып жеңіс бізге бұйырды», – дейді Абай Нұрбаев.
Керлинг – мұз үстінде ойналатын командалық ойын түрі. Жарысқа екі команда қатысып, кезекпен 20 килограмдық тасты алда тұрған нысанға жібереді. Әр команданың капитаны қатысушылардың тасты ату кезегін таңдайды. Алда тұрған нысанаға тасты тигізген команда жеңіске жетеді.

Керлингке қатысам деушілер алдымен денені шынықтырып, аяқ пен денеге жақсылап жаттығулар жасау қажет. Физикалық талаптар орындалмай жатып, мұзға шығуға болмайды.

Қаракөз МАҚАТОВА
ҚӨУ студенті