Отбасы – өнеге бастауы
Қостанайда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Осы жылы сайыста 108 қатысушы бақ сынады. Былтыр 126 отбасы қатысқан еді. Ал байқау ұйымдастырылған сегіз жыл ішінде 800-ден астам әулет үміттеніп көріпті.

Жастар сарайында өткен марапаттау рәсіміне 20 отбасы шақырылды. Өнегесімен, жан-жақтылығымен, шығармашылығымен ерекшеленген үміткерлерге сыйлықтар табысталып, көрермен қауымға олардың ерекшеліктері, үлгі болар қасиеттері туралы ақпарат берілді.



«Қазақ үшін қашанда киелі саналатын бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің мән-маңызын насихаттауда ұлттық конкурстың алар орны айрықша, тағылымды іс-шара деп айтар едім. Осы сайыста бақ сынаған барлығы да мерейлі отбасы, тәлім-тәрбиенің қайнар көзі», – деді Абылайхан Кәкенов.





Осы сында үздіктердің қатарынан көрінген жиырма жанұяға облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қолы қойылған дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Аслан ҚАНҒОЖИН
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.