Облысқа 95 дәрігер келді
Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
"Қостанай облысына 95 дәрігер келді. Оның 47-сі – жас маман, 48-і елдің әр аймағынан келген тәжірибелі ақ халаттылар", – дейді басқармадағылар.
Дегенмен кадр тапшылығы әлі де бар. Облыстағы медициналық мекемелер 300-ден астам маман қабылдауға дайын. Оның ішінде ауылдық елді мекендерге 100 дәрігер керек.