Атаулы әлеуметтік көмек ақшалай беріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жаңа жылдан бастап, кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің орнына ақша төленетінін айтты.
АӘК-ті ақшалай берсе деген қалау-тілектерін айтқан тұрғындардың мәселесі шешімін тапқалы отыр.
«2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бұрынғы натуралды көмектің орнына әр балаға 1,5 АЕК (5000 теңге) көлемінде қаражат берілетін болады. Әрбір ата-ана қалаған азық-түлігін немесе балаларына қажетті гигиеналық заттарды өздері сатып ала алады», – деді министр «Еуразия» арнасына берген сұқбатында.
Оның айтуынша, аталған жоба Әлеуметтік кодекс аясында алдағы жылдың бюджетіне енгізілген.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓