Белсенділік танытайық
Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.
Халық бүгінгі саяси жүйені өзгерту туралы жоспарымыздың мән-маңызын жақсы түсініп отыр. Сондықтан Мемлекет басшысы Жолдауда баса айтқан сайлаудың мерзіміне және Ата заңның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қойып отыр.
Жалпы, алдағы саяси науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап бермек. Нәтижесінде экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
Өзім көп балалы ана ретінде мемлекет басшысының балаларға көмектері туралы бастамасы ұнады. Ел қазынасының бір бөлігі балаларға беретіні де, жақсы әсер қалдырды. Бұл барша отбасыларға көп көмек болары сөзсіз.
Баршаңызды ағымдағы жылдың 20 қарашасында өтетін Президент сайлауына қатысып, белсенділік танытуға шақырамын!
Жібек НҮРСЕИТОВА, көп балалы ана, "Ақ ниет" қб. Төрайымы. Науырзым ауданы