Халық қолдауы маңызды
Биылғы 5 маусымда республикалық референдумда еліміздің Конституциясына түзетулер енгізіледі. Әрбір түзету қоғамдық және сарапшылық ортада жан-жақты талқыланып жатыр. Жалпы алғанда, бұл реформалар қоғам тарапынан да жан-жақты қолдау табады. Өйткені өзгерістер ең әуелі халықтың сұранысына негізделген. Президентіміздің реформалары әр адамға тењ мүмкіндік беруге, әділетті қоғам құруға бағытталып отыр. Мемлекетіміз жаңа кезеңге қадам басқалы тұр десек, жоғарыда атап өткенімдей, халықтың да көзқарасы өзгеріп келеді. Әрине, бұл процестерден AMANAT партиясы да шет қалмайтыны анық. Партияның бағыт-бағдарын Мемлекет басшысының өзі айқындап берді. Осы орайда біз жасандылықтан, бюрократия мен көзбояушылықтан арылғанымыз жөн деп есептеймін. Нақты істермен айналысуымыз қажет. Сондай-ақ, конституциялық реформаның басты мақсаты – суперпрезиденттік биліктен Парламенті мықты парламенттік билікке сүйенген мемлекетке көшу. Бір уақыттарда суперпрезиденттік басқару жүйесінде болдық. Дегенмен, енді жаңа Қазақстанды құратын сәт туып отыр. Оны Мемлекет басшысының өзі де айтты. Конституциялық реформалардың нәтижесінде бірқатар билік өкілеттіліктерін қайта бөлуге, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуге, елді басқару ісіне халықтыњ араласуын арттыруға, азаматтардың Ата заңмен белгіленген құқықтарының механизмін жетілдіруге қол жеткіземіз. Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында өз бастамаларын жүзеге асыру үшін Конституцияға өзгерістер енгізу, сондай-ақ жылдың соңына дейін 20-дан астам заң қабылдау қажет екенін айтты. Президент жүктеген мерзімді ескерер болсақ, саяси-құқықтыцқ жүйедегі барлық өзгеріс жылдың соңына дейін енгізіледі және 2023 жылдан бастап Қазақстанның саяси жүйесі жаңаша жұмыс істей бастайды. Екінші жағынан, біз қазірдің өзінде жаңа саяси және геосаяси шынайылықта өмір сүріп жатырмыз. Осы орайда Президенттің жаңа Қазақстан жайлы идеясын көріп-тыңдап қана қоймай, осы іске өзіміз араласып, саяси жүйені қалыптастыруға үлес қосқанымыз жөн. Біздің тамшыдай болсын үлесіміз қоғамымызды өзгертуге әсер ететінін ұмытпауымыз керек. Бұған дейін халық ешқашан Конституцияны өзгерту ісіне араласқан жоқ. Енді осындай жақсы мүмкіндік туып отыр. Алда болатын референдумға бір кісідей қатысып, ел, қоғам өміріне араласуды қазірден бастау керек.
Гүлім ЫСМАҒҰЛ,
Жанкелдин аудандық мәслихат депутаты