Тұрақтылықтың берік негізі

Бүгін, 2022 жылғы 21 қыркүйекте 
Қазақстан Республикасының Президенті 
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  Қазақстан халқына үндеуі жасады. Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың жан-жақты реформалар мен нақты өзгерістер толы екендігін атап өтті.
Биыл өткен референдумның нәтижесі  бойынша Парламент Мәжілісі пен мәслихаттар жаңа аралас жүйе арқылы жасақталуы тиіс.
Халық қалаулыларының бір бөлігі партиялық тізіммен, қалғаны бір мандатты округтен сайланатын болады.
Сондвй-ақ,  өңірлердің әкімдері баламалы жолмен таңдалатын болды. 
"Конституциялық реформа – мен Мемлекет басшысы болып сайланғаннан бері жүзеге асырып жатқан ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасының ажырамас бөлігі", – деді Қ.Тоқаев.
Аталмыш бағдарлама шеңберінде саяси партияларды тіркеу жеңілдетіліп, тіркеудің қажетті шегі азайтылғаны  белгілі.
Сонымен қатар, партиялардың Мәжіліске  өту шегі 7-ден 5 пайызға төмендеді.  
Сол сияқты көптеген жаңа бастамалар іске асырылуда.
Осылайша Конституцияның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды.
Олай болса, бірлік бен ұйымшылдық танытып, әлеуметтік-экономикалық дамуды көздейтін тың бастамаларды қолдайық!
Күшіміз – бірлікте!!!

Сабыржан Тасмағанбет, 
" AMANAT" партиясы Арқалық қалалық филиалының атқарушы хатшысы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓