Құндылықтарды қастерлеу – парызымыз

Рәміздер – елдігіміздің бет-бейнесі, біртұтастығымыздың дәлелі. Сондықтан қазақстандықтардың ұлттық нышандарымызды айрықша ардақтауынан-ақ патриоттық сезімі айқын аңғарылары сөзсіз. Өйткені онда қазақ халқының тарихы мен танымы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс тапқан. Сол себепті де бұл жас ұрпақтың бойына асқақ рух, өр намыс, отаншыл сезім дарытатын құдіретке ие.
Құрметті отандастар және қостанайлықтар! Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Туымыз көгімізде, Елтаңба төрімізде, Әнұран жүрегімізде тұрсын! Ел аман, тыныш заман болсын!
Гүлжан Мендекинова,
Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының басшысы