Қостанайда бірнеше көше уақытша жабылады

«Беккет-2022» кешенді оқу-жаттығуы аясында 2022 жылғы 21 қыркүйекте, түстен кейін облыс орталығында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Қостанай облыстық жедел штабы терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізеді.
"Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – лаңкестік сипаттағы қауіп-қатер туындаған жағдайда мемлекеттік органдардың ден қою және өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау. Осыған байланысты Пушкин (Дулатов көшесінен Баймағамбетов көшесіне дейін) және Дулатов (Тәуелсіздік көшесінен Амангелді көшесіне дейін) көшелерімен қозғалыс шектелетін болады", – делінеді штаб хабарламасында.
Азаматтарды сабырлық сақтап, мемлекеттік органдардың ресми ақпаратын басшылыққа алуды, өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтау және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындау сұралады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓