Жол апатынан ер адам қаза тапты

20 қыркүйекте сағат 7.40 –та республикалық маңызы бар Қостанай – Әулиекөл-Сұрған тас жолының 21-шақырымында "ВАЗ-2107" автокөлігін басқарған 39 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетті.Cалдарынан ол 42 жастағы жүргізуші тізгіндеген "Шкода" автокөлігімен соқтығысты. "ВАЗ-2107" жүргізушісі ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы және "Шкода" көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.Осы дерек бойынша, ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓