Ағаш әжетхананың 600 мың теңгеге салынғаны рас па?

Жангелдин ауданында қарапайым әжетханаға қыруар ақшаның шығындалғаны көпшіліктің сынына ұшырады.«Құнды» дәретхана туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында жазды. Жангелдин ауданының әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
«Әлеуметтік желіде 600 мың теңгеге дәретхана салынғаны туралы тараған мәліметтің жалған екенін хабарлаймыз.  Негізі, 2019 жылы басталған Торғай ауылын сумен қамту жобасының құжатында дәретхана салу көрсетілгені рас. Бірақ мердігер «Асыл Тау» ЖШС жұмысты толық аяқтамауына байланысты 2021 жылы жобаға бөлінген 528 583 мың теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылды», – дейді аудан әкімдігіндегілер.
Аталған сома әжетханаға емес, жалпы сумен қамту жұмыстарын орындауға бағытталған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓