Браконьерлер ұсталды

Арқалық полицейлері "Охотзоопром" инспекторларымен бірге заңсыз аң аулаған үш күдіктіні ұстады.

16 қыркүйек күні сағат 20.30 шамасында Матросов кентінде полиция қызметкерлері рейд барысында "Нива"маркалы автокөлікті тоқтатты. Салонда 65, 57 және 36 жастағы ер адамдар, жергілікті тұрғындар болған.  Көлік құралын тексеру кезінде тіркемеде жабайы қабанның ұшасы табылды.

 -Автокөлік салонында тегіс ұңғылы мылтық, 2 аңшылық пышақ және 77 оқ-дәрі табылды.  Ер адамдарда аң аулауды жүзеге асыруға рұқсат құжаттары болған жоқ, -деп хабарлады Арқалық қаласының полиция басқармасы.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы "Заңсыз аңшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жыл басынан бері өңірде заңсыз аң аулаудың 11 фактісі тіркелді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓