Елорда атауын ауыстыру: Ұсыныс заң жобасына енгізілді
Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, Қасам-Жомарт Тоқаев депутаттардың бұл бастамасынан хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді.
Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс, -деп мәлімдеді Руслан Желдібай.
Бұған дейін "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы елорданың бұрынғы атауын қайтаруды ұсынған еді.