Жаңа кодекс бала құқығын қорғайды

Қазіргі бүкіл технологияның дамыған дәуірінде адамзат бала тәрбиесінде көптеген кемшіліктерді жіберіп алуда. Бала құқығы тек қана заң нормаларының қорғауымен шектелмей, сонымен қатар бала тәрбиесін тиісті дәрежеде тәрбиелеу институтын құру қажет. Ата-ананың бала тәрбиесінде тек қана материалдық жағдайын қамтамасыз етпей, өскелең ұрпақтың болашақта мәдениетті, адамгершілігі мол, зиялы, саналы азамат болуын ойлағанымыз жөн.
Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде ата-аналар отбасының материалдық жағдайын бірінші кезекке қойып отыр. Бала тәрбиесіне көңіл бөлуге уақыттың аздығы да өз кесірін тигізуде. Жалпы баланың қоғамда жеке қалуы, олардың бос уақытын ғаламторда өткізуі, ондағы қолдан жасалған қызылды-жасылды алданыш дүниеге қызығуы жеткіншектің өсіп-дамуына, баланың өздігінен ойлауы қабілетіне, өзімен қатарлас балалармен араласуына кедергі келтіреді.
Иә, алдағы жылы қолданысқа енгізілетін кодекс нормаларында бала құқығын қорғау көзделген. Яғни, ата-ананың бала алдында тәрбиелеу міндеті бір бөлек, ата-аналық құқығынан айыру кезінде баланың тұрмыстық қажеттілігіне қажетті алимент төлемдерін төлеуі, баланың құқықбұзушылық жасауында ата-ананың өз міндетін тиісті дәрежеде  орындамау себептері көрсетілген.
Әрине, кодекс нормаларында бала құқығы қорғалу көзделгені қуантарлық жағдай, бірақ тек қана кодекспен шектелмей, бала тәрбиесін қоғам болып тиісті дәрежеде қолға алуымыз қажет деп ойлаймын. Ұрпағымыздың тек қана құқықбұзушылық жасағанда ғана мәселе қылып көтермей, осындай балалармен жасалатын құқықбұзушылықтардың алдына алу қажет. Ата-бабаларымыз айтқандай, аурудың емін іздемей ауырмайтын жол іздейік, ағайын.
Өсіп келе жатқан ұрпағымыз – ол еліміздің болашағы екенін ұмытпауымыз қажет.
А.ТАШАНОВ,
 Қостанай облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓